Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы коронавирус: тәулігіне мыңға жуық науқас тіркелді

2021 жылдың 23 шілде 2021 12:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында коронавируспен сырқаттанушылық жағдайы мен вакциналау қарқыны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 шілдеде коронавирус инфекциясының 996 жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 920-сы симптомды және 76-сы симптомсыз. Барлығы 264 науқас жазылып шықты, ал 441-і емделуге жатқызылды. Барлығы инфекциялық стационарларда 3 270 адам, ал реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 240 науқас жатыр. Өкпені жасанды желдету -27, инвазивті емес ӨЖЖ – 88, High flow – 86 аппарат жұмыс істейді. Бүгінгі күні үйде БМСК және телемедицина орталығының мобильді бригадаларының бақылауында 6 201 пациент бар, симптомдары барлары – 5774, жеңіл және орташа дәрежеде, белгілері жоқ – 427«, - деп хабарлады Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы.

1 ақпаннан 22 шілдеге дейін бірінші компонентпен 670 351 адам егілді. Өткен тәулікте - 4 590 адам. Егілгендердің жалпы санынан 60 жастан асқандар 94 835 адамды құрайды. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОО-да 250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен 212 вакциналау пункті жұмыс істейді. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы жұмылдырылды.


Басты сөздер: Алматы, Медицина, Коронавирус,
Жоғары қарай