Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы Есентай өзеніне кәріз суы құйылып жатыр

2020 жылдың 4 тамыз 2020 18:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар өзеннің кәріз суымен ластануына наразы. Бейнежазба әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазба авторы кәріз суы Байқоңыр көшесі бойындағы тау бөктерінде орналасқан үйлердің құбырынан шығып Есентай өзеніне құйылып жатқанын айтады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі аталған фактінің тексерілетінін хабарлады.

«Алматы қалалық экология департаментінің қызметкерлері ертең таңертең барып, сынама алады. Сонымен бірге, экологтер оқиға орнына экологиялық полицияны шақырды, егер аталған факті расталса, айыппұл салынады. Қазіргі болжам бойынша бұл Медеу ауданының аумағы», - деп хабарлады Экология министрлігінен.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Экология, Алматы,
Жоғары қарай