Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Алматыдағы бокс кешінде қазақстандық нокаутшы Абай Төлештің қарсыласы белгілі болды

2019 жылдың 8 желтоқсан 2019 11:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 жастағы қазақстандық боксшы Абай Төлештің кәсіби рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды (4-0, 3 КО), деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол – 32 жастағы тәжірибелі чех боксшысы Томаш Безвода (8-10, 5 КО). Жекпе-жек 16 желтоқсанда Алматыда Global MTK промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кеші аясында өтеді.

Абай Төлеш алдыңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізіп, төртінші раундта Танзания боксшысы Мфауме Мфаумені техникалық нокаутпен жеңіп жеңіске жетті (14-7-2, 6 КО). Томаш Безводаға келетін болсақ, ол қараша айының соңында болған айқаста бірауыздан қабылданған шешім бойынша мальталық Кристиан Скембриден жеңіліп қалды (17-7, 7 КО).

Еске сала кетейік, Төлеш - танымал британдық боксшылар Билли Джо Сондерс және Тайсон Фьюридің істерін басқаратын Global MTK компаниясының клиенті.

Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Бокс,
Жоғары қарай