Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы бассейнде балалардың улану себептері анықталды

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 15:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда балалар уланып қалған бассейнде арнайы құрылғы істен шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, бассейн өкілінің айтуынша, бір апта бұрын бассейндегі суға хлор қосатын жаңа қондырғы орнатылған, сол кенеттен істен шыққан», - деп хабарлайды Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Құзырлы ведомства қалдық хлор мен бактериологиялық зерттеулердің құрамына зертханалық зерттеулер жүргізу үшін бассейннен су, сондай-ақ ауаның өлшемі алынғанын атап өтті.

«23 қыркүйекте синхронды жүзу тобына қатысатын 14 баланың ішінде 11-інің тұншығып, жөтелу шағымы бойынша жедел жәрдем бригадасы қалалық балалар клиникалық ауруханасының токсикология бөлімінің жеткізді, - деп атап өтті Алматы қаласы СЭБД баспасөз қызметі.

11 баланың денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде, олар симптоматикалық ем алады.

Бұған дейін Алматыда балалар бассейндегі сабақ кезінде хлор буына уланып қалғаны туралы жазған болатынбыз. Оқушылардың жасы 12-14-те.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай