Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы бассейнде балалар уланып қалды

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 14:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бассейндердің бірінде балалар хлор буымен уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар 23 қыркүйек күні таңертең көмек сұраған.

«Тамақ жыбырлау және түшкіру шағымы бойынша 11 бала жедел медициналық жәрдем бригадалары көмегімен Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. Олар бассейнде сабақ кезінде хлор буларымен уланған. Балалардың жасы 12-14 жас аралығында. Барлығының жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге жатқызылды», - деп хабарлады ҚДСБ.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

«Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері оқиға бойынша тергеу жүргізуде, қосымша толығырақ хабарлаймыз», - деді ол.


Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Медицина, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай