Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісін соққыға жығу: полиция тексеруді бастады

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 17:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі соққыға жығылған. Аталған жағдайды полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанұя» мамандандырылған кешенінде жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққаны туралы хабарлама мен видео әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Полиция департаменті тексеру жұмыстары басталғанын мәлім етті.

«Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеруді бастады. Кадрда балалар үйінің 2004 және 2005 жылы туған екі тәрбиеленушісінің арасындағы жанжалды көруге болады. Анықталғанындай, бұл 3 қыркүйекте болған жағдай. Бұған дейін, аталған дерек бойынша полицияға ешкім хабар берген жоқ. Қазіргі уақытта кешенді тексеру жүргізілуде, соның нәтижесі бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Жанұя» мамандандырылған кешенінде түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берген болатын.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай