Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы атыс: Күдікті екі айға қамауға алынды

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 19:27

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бес адамды атып өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Игорь Дужновқа қатысты шешім шығарды.

Күдікті екі айға қамауға алынды.

Еске салайық, 20 қыркүйек күні Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапты.

Жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты.

Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды.

Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында 5 және екіншісінің артында 2 баласы қалды.

Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Алматы қалалық соты бірнеше адам өліміне кінәлі тұрғынның даулы ісіне қатысты түсініктеме берді.

«Банк ЦентрКредит» АҚ іс бойынша барлық қажетті құжатты ұсынатындарын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсететіндерін жеткізді.

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін .


Жоғары қарай