Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы атыс: Қаза тапқан полицейлердің отбасыларына пәтер берілді

2021 жылдың 12 қазан 2021 13:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғадан қаза тапқан полицейлердің отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында қала әкімі тағы да көңіл айтып, полицейлердің жесірлеріне пәтер кілтін табыс етті. Полиция капитаны Нұрбол Байғазиев ішкі істер органдарында 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті.

2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Оның артында 5 және 7 жастағы екі баласы қалды. Полиция майоры Дархан Сүлеев ішкі істер органдарында 2003 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етті.

2021 жылдың 20 тамызынан бастап Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Оның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды, олардың ең кішісі – 4, үлкені – 16 жаста. Байғазиевтің отбасы сияқты оның да жеке тұрғын үйі болған жоқ.




Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев олардың отбасына тиісті көмек көрсетілетіні туралы айтқан болатын. Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Алматы қалалық соты бірнеше адам өліміне кінәлі тұрғынның даулы ісіне қатысты түсініктеме берді. «Банк ЦентрКредит» АҚ іс бойынша барлық қажетті құжатты ұсынатындарын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсететіндерін жеткізді. Айта кетейік, 20 қыркүйек күні Алматыда атыс болып, 5 адам қаза тапты. Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.





Жоғары қарай