Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады

2020 жылдың 15 сәуір 2020 17:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жылу энергия кешені кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин жылыту маусымы қашан аяқталатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жылу ауа райына байланысты тоқтатылады.

«Алматыда бес тәулік бойы орташа ауа температурасы 8 және одан да жоғары градуста болған жағдайда жылыту маусымы аяқталады. Әкімдік соған орай қаулы шығарады. Қазір түнде +3 көрсетіп жүр. Бүгін күндіз +5,+7 болды. Карантин кезінде және қазіргідей ауа райында алматылықтарды жылусыз қалдыруға болмайды», - деді Ян Гирин.


Жоғары қарай