Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жылқыны күрекпен ұрып, зәбір көрсеткендер жазаланады - полиция

2021 жылдың 10 қазан 2021 22:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жылқыларды күрек, таяқпен ұрғандарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақында желіде белгісіз біреулердің жылқыны жүк көлігіне күшпен мінгізуге тырысып жатқаны туралы видео тарады. Олар жылқыны күрек, таяқпен соғып жатты.

«Жылқылар ат спортының атқорасында болатын. Қазір оның басшысы ауысып, төрт аттың еті қажет болған соң оларды осылай жүк көлігіне қарай сүйреген...» деп жазды еріктілер.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл іс бойынша бүкіл айыпталушылардың (бес негізгі күдікті) анықталғанын хабарлады.

Олардың қатысуымен қажетті тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

«5 қазанда Қылмыстық кодекстің 316-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері (жануарларға қатыгездікпен қарау) бойынша Алматы полиция департаменті іс қозғады. Қазір ол іс қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының өндірісінде. Тергеу жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша ақпараттық хабарлама дайын болады», - деп жазды өзінің Instagram парақшасында Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.



Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай