Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері өспейді - Әсет Масабаев

2020 жылдың 6 тамыз 2020 18:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда электр энергия бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы қалалық Энерготиімділік пен инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері өспейді», – деп сендірді Әсет Масабаев.

Сонымен қатар, ол төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, қалада жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жүріп жатқанын атап өтті.

«Үш жыл ішінде 1986 жылдан бері жөнделмеген Төле би көшесінің жылу магистралінің үлкен бөліктері ауыстырылды. Бұл жұмыс мамыр айында басталды. Біз барлық жабдықтарды, құбырлар мен жылу желілерін тексердік. 200-ден астам зақымдалған жерлер анықталды. Олардың 80% жөнделді. Қалғанын қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз»,– деді Алматы қалалық Энерготиімділік пен инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайтынын айтқан болатын.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Энергетика, Тариф,
Жоғары қарай