Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда  «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазына пәтер кілті тапсырылды

2021 жылдың 12 қазан 2021 20:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала педагогтары арасындағы байқау жеңімпаздарымен және мұғалімдерді қолдау мен кәсіби дамытуға бағытталған арнайы грант иегерлерімен кездесті.

Қалалық «Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегері, №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржігіт Аманов Alma City жаңа тұрғын үй кешенінен пәтерді сыйлыққа алды.

Ал 1 орынды иеленген №10 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Дарын Сайыновқа машина берілді.

Екінші және үшінші орын алған №96 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Раиса Цой және №92 мамандандырылған лицейдің химия пәнінің мұғалімі Суннатулла Каумбаев ақшалай сыйақымен марапатталды.

Сонымен қатар, 10 үздік педагог, оның ішінде балабақша тәрбиешілері қала әкімінің гранттарын алды.

Республикалық «Үздік педагог» байқауы қалалық турының жеңімпаздарына ақшалай сыйлық берілді.

«Өз мамандығы бойынша үздіктерді анықтауға бағытталған шара дарынды мұғалімдерді қолдап, беделін арттырып, озық педагогикалық тәжірибені бөлісу мақсатында өткізіледі», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Мектепке жаңа келген жас мұғалімдер үшін осымен үшінші жыл қатарынан бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Биыл 556 жас маманға 33 млн теңгеден астам қаржы берілді.

Мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасы бойынша өткен жылы білім беру саласының 307 қызметкері пәтер алды.

Биыл 245 педагог жеңілдетілген несиені пайдаланды.

Кездесу соңында Алматы әкімі Баықтжан Сағынтаев барлық педагогтар мен тәлімгерлерге игі еңбектеріне табыс тіледі.








Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Әкім, Білім,
Жоғары қарай