Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жыл басынан бері  50 мың жаңа жұмыс орны ашылды

2020 жылдың 20 қазан 2020 20:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда биыл 50 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтты, деп хабапрлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол бойынша 216 инфрақұрылымдық жобада 26 мың жұмыс орнын құру көзделген. Құрылатын жұмыс орындарының 50%-ы халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздарды жіберу есебінен қамтамасыз етіледі», — деді Данияр Әлкебайұлы.

Бүгінде шамамен 19,2 мың жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 9,7 мыңнан астам жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмысқа орналасқан жастардың үлесі 3 662 адамды құрайды. Қызметкерлердің орташа жалақы мөлшері 92 мың теңге.

«Жұмыс берушілер алатын жалақыға қосымша біржолғы материалдық көмек төлейді. Бүгінгі таңда 569 қызметкерге төленді», — деді ол.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстар жоспары 3 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғайтылды. Бұл шараны 15,6 мың жұмыссыз пайдаланды. Басқа да уақытша жұмыс орындарына 2,6 мың адам орналасты, оның ішінде ЖОО мен колледждердің 1,4 мың түлегі жастар практикасына жіберілді.

Сондай-ақ, жұмыссыздарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жалғасуда, оған 1005 адам жолданды. Курстар аяқталғаннан кейін жұмыссыздар тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.

« Биыл өз бизнесін ашуға немесе бұрыннан барларын ілгерілетуге 555 мың теңгеден 1705 адамға өтеусіз грант берілді. Негізгі қызмет түрлері-тігін ісі, тамақ дайындау, маникюр және шаштараз өнері және тағыда басқалары бар»,– деді спикер.

Осылайша, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында қалада 56 223 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жоғары қарай