Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда журналистер аллеясы пайда болды

2020 жылдың 25 қазан 2020 14:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Абай даңғылының бойында журналистер аллеясы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жароков пен Гагарин көшелерінің арасында орналасқан саябақтық а шылу салтанатына 11 БАҚ өкілі, оның ішінде «ҚазАқпарат» ХАА тілшілері де қатысты. Журналистер 175 үйеңкі ағашын отырғызды.

Іс-шара карантиннің барлық талаптары сақтала отырып, қалалық Жасыл экономика басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

«Қазір - ағаш отырғызу маусымы. Биыл бір маусымда 250 мың ағаш отырғызамыз. Бұл соңғы 20 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Былтыр және алдыңғы жылдары бір маусымда ең көп дегенде 40 мың ағаш отырғызған едік», - деді басқарма басшысы Наталья Левинская.

Оның айтуынша, көшет егу бір бөлек, оны күтіп баптау – өзінше бөлек мәселе.

«Біз тек отырғызып қана қоймай, оны күтіп баптауға көшіп жатырмыз. Бұрын ағаш отырғызылса, ол туралы ұмытылып кететін. Ең бірінші жыл – жауапты кезең. Себебі, дәл сол кезде өсімдік жақсы күтімді талап етеді. Ағаш та адам баласы сияқты, отырғызған соң оны үнемі баптап отыру керек», - деді басқарма басшысы.





Мамандардың айтуынша, талдарды бірінші аптада 2 рет, ал сәуірден қарашаға дейін 72 рет суғару керек.

«Бүгін үйеңкі отырғыздық. Бұл ағаш баяу өседі. Тамыры терең бойламайды. Ағаш отырғызылатын кезде бірнеше фактор ескеріледі. Мәселен, инженерлік желілер, су, электр желілері, телефон желілерін ескеру керек. Біз қаланы осыған байланысты бірнеше аймаққа бөлдік. Әр аймаққа тән ағаштары бар. Бүгінгі аллеяда дендрологтардың пікірін ескере отырып үйеңкі таңдалды», - деді басқарма басшысы.








Жоғары қарай