Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жолға жүгіріп шыққан баланы көлік қақты

2020 жылдың 25 қазан 2020 14:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жолға жүгіріп шыққан баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Түрксіб ауданындағы Постышев көшесінде болған.

Әлеуметтік желідегі видеода жол шетінде тұрған әйелдің екі баласының бірі кенеттен қолынан сытылып шығып, жолға жүгіріп кеткені көрінеді.

Сол сәтте келе жатқан көлік тежегішті басып үлгермей баланы бірнеше метрге сүйреп кетті.

Қалалық Полиция департаментінен хабарлағандай, бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Аймақ, Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай