Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жолдың қарсы бағытымен жүрген автобус жүргізуші жазаланды

2021 жылдың 14 қазан 2021 20:55

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматы полициясы жолдың қарсы бағытымен жүрген автобус жүргізушісінің кім екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол ережесін бұзған қоғамдық көлік жүргізушісінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, автобус жүргізушісі жазаланады.

«Тексеру жүргізілді. Құқық бұзушы анықталды, ол 1990 жылы туған З. Серікбаев деген азамат. ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жиналған материал сотқа жіберілді», - деді Рустам Әбдірахманов.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Заң, Көлік, Алматы,
Жоғары қарай