Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жолдың бойында жылу трассасы жарылды

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 10:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында ыстық су құбыры жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін таңертең Т. Рысқұлов даңғылы мен І. Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жердегі учаскеде жылу магистралі жарылды. Апат болған жерде «Алматы жылу желілері» ЖШС жедел тобы жұмыс істеп жатыр»,- деп хабарлады компаниядан.

Тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жедел қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Алматы қалалық полиция департаменті жүргізушілерге апат болған көшені айналып өтуге кеңес берді.

«Жылу трассасының жарылуына байланысты, Т. Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта І. Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылды. Шектеу жол қалпына келгенше күшінде болады. Қозғалысқа қатысушыларды алдын ала бағдарын түзетіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз»,- деп хабарлады полициядан.



Жоғары қарай