Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жоқ пәтерлерді «жалға берумен» айналысқан екі алаяқ әйел ұсталды

2021 жылдың 24 қыркүйек 2021 14:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жоқ пәтерлерді «жалға берумен» айналысқан алаяқ әйелдер Павлодарда ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 24 және 27 жастағы алаяқ әйелдер Павлодар қаласында тұрады. Олар Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген.

«Анықталғандай, олар интернетте пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландыруларды орналастырған. Жалдау ақысын төмен қылып, басқа адамдардың жарнамасынан суреттерді қойған. Клиенттермен келіссөздерді тек телефон арқылы жүргізген және алдын ала төлемді балансқа аударуды ұсынған. Зардап шеккендер ақша жіберген кезде әйелдер бірден жарнаманы алып тастап, ұялы телефондарын өшіріп отырған», – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұсталғандарға қатысты ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта бірнеше зардап шеккен адам анықталды. Алайда олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Айтпақшы, бұрын екі әйелдің де соттылығы болған»,- деді полиция өкілі.

14:06



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай