Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жоғары жылдамдықпен көлік жүргізгендер жауапқа тартылды

2021 жылдың 28 қазан 2021 03:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жолдарында жоғары жылдамдықпен көлік жүргізген құқық бұзушылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізушілердің жолдағы қауіпті жүргізу сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Ол құқық бұзушының бірінің бейнетіркеуішіне тіркелген.

Қазір көлік жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылды.

«Тез арада Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тергеу жүргізу тапсырылды. Екі құқық бұзушы да анықталды. Бұл - 18 жастағы Э.Нағиев және 19 жастағы Р.Қалжан есімді азаматтар. Екі жүргізушіге қатысты барлығы 21 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл сомасы 114 айлық есептік көрсеткішті құрап, жалпы сомасы 335 455 теңгені құрады. Олардың әрқайсысы міндетті түрде жауап беріп, жауапқа тартылатыны сөзсіз», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Атап айтқанда, оларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау ережелерін бұзу) – 15 әкімшілік хаттама. ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі (Жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігін белгілеуде көзделген талаптарды сақтамау) – 3 әкімшілік хаттама. ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысына қатысушының апаттық жағдай туғызуға әкеп соқтырған жол жүру ережесін бұзуы) – 3 әкімшілік хаттама толтырылды.

Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Көлік,
Жоғары қарай