Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жерді заңсыз иемденген 64 тұлғаға айыппұл салынды

2021 жылдың 11 тамыз 2021 17:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев онлайн брифинг барысында жерді заңсыз басып алғаны үшін 64 тұлғаға 8,4 млн теңге айыппұл салынғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жерді рұқсатсыз басып алғаны үшін 64 адамға 8,4 млн теңге сомасында айыппұл салынды. Сонымен қатар, жалға беру мерзімі өткен 1114 жер учаскесі анықталды, оның 104-і мемлекетке қайтарылды, 473-інің жалға беру мерзімі ұзартылды, 53-і бойынша шаралар қолданылды, 61 жер телімі жеке меншікке өтеу жолымен берілді, 423 жер учаскесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көшелер мен аула аумақтарының бойында мемлекеттік қордың жеріне рұқсатсыз орнатылған 300-ге жуық заңсыз нысан, яғни 147 гараж, 28 стационарлық емес сауда объектісі, 95 қоршау сот ісін жүргізусіз анықталды және бұзылды», - дейді Олжас Төлебаев.

Сондай-ақ ауданы 3760,9 га құрайтын 2840 жер учаскесі нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталған. Оның ішінде аумағы 595 га құрайтын 755 жер учаскесі игерілген, 147 пайдаланылмаған ретінде тартып алынды. Ауданы 837 га болатын 312 ауыл шаруашылығы жер учаскесі игерілген.

«Бақылау функциялары аясында 333 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижелер бойынша жалпы сомасы 92 млн теңгені құрайтын 477 ереже бұзушылық анықталды. Жыл басынан бері заңсыз салынған 17 нысан бұзылды, оның ішінде Қарасай батыр көшесі, 156А мекен-жайы бойынша орналасқан кафе, Сәтбаев көшесі, 119 мекен-жайындағы сауда павильоны, Гоголь көшесі, 169 мекен-жайындағы жазғы кафе бар», - деді ол.


Жоғары қарай