Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жеңіл көлік ағашқа соғылып, бір адам қаза тапты

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 11:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл көлік ағашқа соғылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 21 қыркүйек күні кешкі сағат 16 :35-те Коперник көшесінде болды.

«Коперник көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі жолдың күрт бұрылысында рульге ие бола алмай, ағашқа соғылды. Көлік ішіндегі жолаушы көз жұмды. 40 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді»,- деді Алматы қаласы ДП тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай