Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жасырын ойынхана ұйымдастырған адам 4 жылға сотталды

2021 жылдың 20 қаңтар 2021 09:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғыны заңсыз, жасырын түрде құмар ойын ұйымдастырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласында астыртын ойынхананың қызметін ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін (электронды ойынхана) ашып, оның қызметін ұйымдастыру арқылы 31,1 млн. теңге көлемінде заңсыз табыс тапқандығы дәлелденді. ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңының 6 бабы 2 бөлігіне сәйкес, Қазақстан территориясында электронды және интернет ойынхананың қызметі рұқсат етілмейді. Алайда, Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында, аталған азамат 4 ойын термналын және 52 компьютерлік техниканы орнату арқылы, ұтыс беретін құмар ойындарын, яғни электронды ойынхананың қызметін ұйымдастырып келген»,-делінген хабарламада.

Сот үкімімен ойынхананы ұйымдастырушы ҚР ҚК 307 3 б. 2 т. бойынша (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) кінәлі деп танылып 4 жылға бас бостандығынан айырылды.


Жоғары қарай