Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда жастардың тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау 18 мамырда басталады

2022 жылдың 12 мамыр 2022 17:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл «Алматы жастары» жобасы аясында қаланың 1 мың тұрғыны баспаналы болады. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтуынша, өтінім қабылдау 18 мамырдан бастап 1 маусымға дейін жалғасады.

«Биыл Алматыда 1 мың жас отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Олар – медицина қызметкерлері, оқытушылар, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары», - дейді Ерболат Досаев.

Бұл бағдарлама арқылы үй сатып алу үшін 5%-бен 25 жылға 18 млн теңге несие берілетін болады. Дегенмен, бастапқы салым ретінде үй алушы 10% сомасын төлеуі қажет.

Айта кетейік, 2020 жылы үй алуға берілетін қарыз 13 млн теңге еді. Былтыр несие көлемі 18 млн теңгеге арттырылды


Жоғары қарай