Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жасөспірім қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген әйел ұсталды

2020 жылдың 24 қазан 2020 17:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда жеңгетай кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында Алматы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары барысында клиенттерге интимдік қызмет көрсетілетін пәтерді анықтады. Пәтерде 2004 жылғы кәмелетке толмаған қыз болған, ол осы пәтерде интимдік қызмет көрсеткен», - делінген Polisia.kz сайтында.

Белгілі болғандай, Алматы облысы Кербұлақ ауданының тумасы жезөкшелікпен айналысуға итермелеген. Күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай