Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жас жұпты көлік қағып кетті, жігіт қаза тапты

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 10:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде жол талғамайтын көлік жас жұпты қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2 желтоқсан күні кешке болған.

«2 желтоқсан күні кешкі сағат 19:56-да «Lexus LX 570» көлігінің 1960 жылы туған А. есімді жүргізушісі Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2000 жылы туған Ж. мен 2004 жылы туған О. есімді жас қызды қағып кетті. 21 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды»,- деп хабарлады полициядан.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды.

Жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Көлік, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай