Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді

2021 жылдың 8 желтоқсан 2021 11:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Рысқұлов даңғылында жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» мекемесінің мәліметінше, Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысы арқылы өтетін учаскедегі жылу магистралі жөнделді.

«7 желтоқсанда болған апаттан кейін диаметрі 1000 мм құбыр сегментін қалпына келтіру жұмысы аяқталды. Сынақтан кейін жылу магистралі қайтадан іске қосылды және штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жол қозғалысын қалыпқа келтіру үшін күндіз асфальт жабыны қалпына келтірілгенге дейін апат болған жер арнайы тақтайшалармен жабылды»,- деп хабарлады компаниядан.




Кеше кешкі сағат 18.30-дан бастап Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта (солтүстік жағы) көліктер үшін қозғалыс жартылай қалыпқа келтірілген болатын.

8 желтоқсан күні таңғы сағат 9:00-де қозғалыс толығымен қалпына келтірілді.

Еске салайық, 7 желтоқсан күні Алматыда Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында ыстық су құбыры жарылған еді.









Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Су, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай