Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 мыңнан астам адам ұсталды - комендатура

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 09:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының Жетісу және Наурызбай аудандарында профилактикалық және іздестіру шаралары жүргізілді. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Жетісу және Наурызбай аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2159 қатысушысы ұсталды. 67 бірлік атыс қаруы мен 3112 оқ-дәрі тәркіленді.

«Өткен тәуілікте «102» пультіне 754 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді» «,- дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.


Жоғары қарай