Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жол инфрақұрылымына қанша шығын келтірілді

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 14:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімдігінің алдын ала болжамы бойынша жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына 60 млн теңгеге жуық шығын келтірілді. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғани Мұрзахановтың айтуынша, қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде 46 бағдаршам зақымданды. 120-дан астам маңдайша мен панельдер сынған. Қазіргі уақытта барлық нысандар қалпына келтірілді.

«2 мың шаршы метрден астам тротуар жабындысы бұзылды - бұл негізінен Райымбек даңғылы мен Төле би көшесінің бойындағы тротуарлар. Қазір оның бәрі қалпына келтірілді. Сонымен қатар, техника жанып кеткен жерлердегі асфальттар ауыстырылды»,-дейді ол.

Сонымен қатар, басқарма басшысы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жол инфрақұрылымына шамамен 60 млн теңге шығын келтірілгенін мәлім етті.

«Нақты шығынды дөп басып айта алмаймын. Алайда алдын ала болжам бойынша 60 млн теңге. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына 50 млн теңге, жол жабындысына 10 млн теңгеге жуық шығын келді»,- дейді спикер.


Жоғары қарай