Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда жаңбыр суы толып қалатын 56 учаске анықталды

2022 жылдың 12 мамыр 2022 18:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жауын кезінде су басып қалатын орындарды жоюға бағытталған арық жүйесі мен су шаруашылығы нысандарын модернизациялаудың жоспары әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаевтың айтуынша, қалада нөсер кезінде үнемі су басып қалатын 56 аймақ анықталған.

«Негізгі себеп – кейбір аумақтарда арық желілерінің жоқтығы. Немесе жұмыс істеп тұрған арық желілері мен коллекторларды өткізу қабілеті төмен. Яғни, қоқыс пен топыраққа толып қалған», - деді ол.

Спикердің сөзінше, қала аумағында жаңбыр және еріген қар суларын бұруға арналған 16 коллектор бар. Оның 12-сі арық желілеріне қосылмаған. Алатау ауданында 2013 жылдан 2018 жылға дейін салынған 4 коллектор ғана арық желілерімен қосылған және жұмыс істеп тұр.




«Биылғы жылы жалпы ұзындығы 376 км болатын қаланың арық желісін салу және модернизациялау бойынша жоба әзірленді. Жобада қолданыстағы арық желілерін реконструкциялау, жаңа арықтардың нүктелі құрылысын жүргізу қарастырылған. Алайда осы желілерді жасыл желектерді суаруға пайдалану көзделмеген, жаңбыр және еріген суларды қолданыстағы коллекторларға бұру ескерілмеген, бұл жекелеген аумақтардың судың астына қалуына әкеп соғады. Сондықтан қолданыстағы арық желілері мен коллекторлардың өткізу қабілетін ұлғайта отырып, оларды реконструкциялау және құрылыс жұмыстарын тоқтатпай бірыңғай желіге қосуды ұйымдастыруды ескере отырып, жобаға түзету енгізіледі», - дейді Серік Әділбаев.




Бүгінде күні қаланың батыс бөлігінде ұзындығы 119 км арық желілерін салу және реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, орындалу мерзімі - 2021-2023 жылдар аралығы.

Еске салайық, 11 мамыр күні Алматыда нөсер жауын жауып, қала аумағында бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды.

Жаңбыр мен дауыл салдарынан 19 ағаш құлады. Бір автокөлік пен бір үй зардап шекті.






































Жоғары қарай