Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда жаңа туған баланың денесі табылды

2019 жылдың 9 желтоқсан 2019 03:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бос ғимараттан жаңа туған шақалақтың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фейсбук қолданушыларының бірі хабарлағандай, дене Сайран көлінің жоғарғы жағындағы бос ғимараттардың бірінен табылған.

Полиция департаменті бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Жедел-тергеу тобы құрылды. Олар жақын арада баланың анасын табады және шақалақтың неден өлгенін анықтайтын болады», - деп мәлім еткен Алматының Полиция департаменті.

Автор:

Еламан Турысбеков

Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Қоғам, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай