Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда заңсыз жүрген 344 шетелдік жауапкершілікке тартылды

2021 жылдың 30 сәуір 2021 13:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматыға 16 мыңнан астам шетелдік келді, – деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың үш айында қалаға 16 053 шетелдік азамат келді

«Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 4 641 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 344-і шетел азаматы. 81 шетелдік әкімшілік жолмен елден шығарылды. Әкімшілік тұрғыдан 29 жұмыс беруші басқа елдердің азаматтарын Қазақстан заңдарын өрескел бұзып жұмысқа қабылдағаны үшін жазаланды», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Миграция,
Жоғары қарай