Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Алматыда вирус ошақтарын полиция және Ұлттық ұлан сарбаздары қоршап тұр

2020 жылдың 21 наурыз 2020 17:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жедел штаб өкімімен полиция қызметкерлері вирус ошағына айналған жерлерді қоршауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде қалада 10 коронавирус ошағы бар. Ол жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтауға 64 полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған. Полиция қызметкерлерімен қоса әкімдік қызметкерлері және санэпидемиология қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Инфекция ошақтарында қоғамдық тәртіп бұзу дерегі тіркелген жоқ», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басқарма басшысы Жандос Мұраталиев.

Айта кету керек, Алматы билігі кеше ауру ошағы ретінде 10 мекенжайды атаған болатын.

Қазір Қазақстанда 53 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді.

НұрСұлтан қаласында -28, Алматыда – 22, Қарағандыда -2, Алматы облысында 1 жағдай анықталды.



Жоғары қарай