Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда велоинфрақұрылымды дамытуға 150 млн теңге бөлінеді

2020 жылдың 3 тамыз 2020 12:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі қала аумағында көліктердің жүрісін шектеп, велоинфрақұрылымды дамытуға 148 млн теңге бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осындай мәлімдеме мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланды.

Алматы Қалалық мобильділік басқармасы 148 млн теңгеге тапсырыс берген.

Құжатта көрсетілгендей, басты мақсат -қалада көліктер бөлетін зиянды заттарды азайту.

Зерттеу аумағына Рысқұлов – Шығыс айналма жолы – Әл-фараби – Саин көшелері жатады.

Ең алдымен, қаладағы қазіргі ахуал тыңғылықты зерттеуді талап етеді.

Екіншіден, халықаралық тәжірибені ескеру қолға алынады.

Үшіншіден, жүк көліктерінің тұрақты әрі уақытша жүк жеткізетін нысандары зерттеледі.

Төртіншіден, жүк тасымалы паркінің құрылымы мен жұмысы талданады.

Жұмыстың екінші кезеңінде велоинфрақұрылымды дамыту көзделген.


Жоғары қарай