Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда вакцина паспортын жасаған емхана меңгерушісі ұсталды

2021 жылдың 19 тамыз 2021 22:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда емхана меңгерушісі, оның қол астындағылар мен делдалдар жалған вакцинация паспортын сатты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

«Олар пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген карантин режиміне қарамастан, Алматы қаласы аумағында ақшалай сыйақы үшін 100-ден аса жалған вакцинация паспортын дайындады және сатты деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, вакцина алу журналына және ДСМ «Вакцинация» электронды модуліне әдейі жалған ақпарат енгізген. Соның негізінде egov.kz электронды үкімет порталында коронавирус инфекциясына қарсы жалған электронды вакцинация паспорттары толтырылған», - деп хабарлады Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ведомство күдіктілерге қатысты шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып сот шығаратынын атап өтті.


Жоғары қарай