Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда вакцина алғандар саны 1 миллионға жуықтады

2021 жылдың 13 қазан 2021 11:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4 436 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 қазан күні 4 436 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1764, II компонентін 2 672 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 11 қазаны аралығында қалада 971 283 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 902 062 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 523 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктері жұмыс істейді», - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай