Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда үй карантинін бұзған 82 адамға айыппұл салынды

2021 жылдың 23 шілде 2021 12:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебедегі 82 адамға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-19 анықталған алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін ХҚО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай және т.б. мекемелердің қызметтерін пайдаланбақ болған.

Төменде көрсетілген «қызыл» мәртебедегі адамдар «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмеді.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған тұрғындар – банктер, университеттер, сауда, мейрамханалар, білім беру ұйымдары, байланыс, зейнетақы қоры және басқа да нысандардың қызметкерлері.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады. Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.














Басты сөздер: Коронавирус, Карантин, Алматы,
Жоғары қарай