Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда үш қабатты ғимараттан өрт шықты

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 21:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда үш қабатты бос тұрған ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 қаңтар күні кешкі сағат 19:23 кезінде «101» пультіне Төле би көшесінде орналасқан үш қабатты үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. 3 қабатты үйдің шатыры мен мансарды ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің жақын маңдағы ғимаратқа өршу қауіпі туындады. Өрт орнында оңтүстік және солтүстік жағынан 2 өрт сөндіру бөлімі құрылды: Өрт оқпандары енгізіліп, 50 метр қашықтықтағы өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылды, осылайша үздіксіз сумен қамтамасыз етілді. Өрт сағат 21:05- толық сөндірілді»,- хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Өртті сөндіруге 10 техника мен 50 адам жұмылдырылды.


Жоғары қарай