Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді

2020 жылдың 8 тамыз 2020 21:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үшқабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа қарағанда, 8 тамыз күні сағат 16:48-де 101 нөміріне Түрксіб ауданының Жасүгіров көшесіндегі 311 үйде болған өрттің куәгерлерінен көптеген қоңыраулар келіп түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің техникалары мен жеке құрамы оқиға орнына жөнелтілді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде көпсалалы ғимарат өртеніп жатты. Ғимарат құлауға шақ қалған еді. Өртті сөндіруге жоғары вольтты тоқ сымдары кедергі келтірді.

Өрт сағат 17:39-да ауыздықталып, 18:40-та толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге 34 адам мен 11 техниа жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ пен өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Автор Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай