Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Алматыда үш адам газдан уланып, көз жұмды

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 20:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жылытқыш құрылғыны газ құбырына мамандардың көмегінсіз өз еркімен қоспақ болған үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.





6 қаңтар күні Төтенше жағдайлар департаментіне Түрксіб ауданының Дегдар көшесінде медицина мамандары жеткенше 1950, 1960, және 1997 жылы туған үш адамның мерт болғандығы туралы хабар келіп түскен.

«Тексеру жұмыстарының барысында мамандар газ құбыры мен күмәнді жылытқыш құрылғыны бір-біріне қолдан жалғамақ болғаны анықталды. Бұл ретте оларда газ пешінің түтін шығатын құбырын бекітетін бекіткіш те болмаған. Сөйтіп құбыр қажетті жеріне дұрыс бекітілмеген. Ал газ шығуы тиіс саңылаулардың барлығы шүберекпен бекітіліп тасталған. Түтін шығатын құбыр да дұрыс орнатылмаған»,-деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Осы аталғандардың барлығы адамдарды қайғылы жағдайға душар етті.


Данияр Дәуіталиев


Жоғары қарай