Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда тұтас аудан жарықсыз қалды

2021 жылдың 5 наурыз 2021 17:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда электр тарату желісі зақымданып, тұтас аудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы хабарлағандай, Алматы аудандарының бірінде кернеуі 35 киловольт болатын электр тарату желісі зақымданған.

«Алатау жарық компаниясы» таратқан мәліметке сәйкес, таңғы 9:30-да 35 кВ желісінің зақымдануы жоғары жиілікті желіде электр тогының келуін төмендетті. Соның ықпалынан ПС-4 шағын стансасында жарық беру тоқтатылды. Салдарынан Қарасай батыр - Байтұрсынов - Жандосов - Тимирязев – Жароков көшелерінің шаршысындағы ғимараттарға электр энергиясы тоқтатылды»,- деді басқармадан.

Кешке таман аталған ауданды электр энергиясымен қамту қалпына келтірілді.


Жоғары қарай