Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда тұрғындарды жүк контейнерлерін сатамын деп алдап келген алаяқ қолға түсті

2021 жылдың 24 қыркүйек 2021 18:39

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жүк контейнерлерін сатамын дееген желеумен тұрғындармен жалған келісімшартқа отырып, ақша алған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары аясында полицейлер контейнерлерді «сатқан» күдіктіні анықтады. Ол 26-жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

«М. есімді азамат алдау жоспарын жасап, сол бойынша әрекет еткен. Хабарландырулар беріп, келіссөздер жүргізіп, ақша алған. Сайттардың бірінде контейнерлерді төмен бағамен сататыны туралы мерзімді түрде жарнама беріп тұрған. Сатып алушы пайда болған кезде, айыпталушы онымен жалған шарттар жасасып, тауар мен жеткізу үшін жүз пайыз алдын ала төлем аудару туралы уағдаластыққа келеді. Тапсырыс берушінің қаражаты банк картасына аударылып, ақшаны алған соң, М. есімді азамат байланысқа шығуды тоқтатқан. Осыдан соң алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, жасырынған», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта бірнеше жәбірленуші анықталды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Жоғары қарай