Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда түнде сауық-сайран құрған жастар жауапқа тартылуы мүмкін

2020 жылдың 17 мамыр 2020 19:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жастардың түнгі уақыттағы ойын-сауықтарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұялы телефонға түсірілген бейнежазба kris_p_almaty Instagram парақшасында пайда болды. Онда жастардың арнайы костюмдер киіп алып билеп жүргендерін көруге болады. Сонымен қатар, қымбат көліктермен дрифт ұйымдастырған. Болжам бойынша видео жанармай құю бекеті мен көлік тұрақтарының бірінде түсірілген.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы видеоға түскендердің әрқайсысын анықтайтындарын жеткізді.

«Полиция олардың әрқайсысына, соның ішінде көлік жүргізушілерінің әрекеттеріне құқықтық баға береді. Бұл іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (түнде тыныштықты бұзу) бабы бойынша қаралуы мүмкін. Әр жағдайды жеке-жеке қарайтын боламыз. Заңға сәйкес олардың әрқайсысы жауап береді», - деді полиция өкілдері.


Жоғары қарай