Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда троллейбус өртеніп кете жаздады

2021 жылдың 21 маусым 2021 18:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда техникалық ақау салдарынан троллейбустен түтін шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түтіндеп жатқан троллейбустың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай көшесі бойымен Саин көшесіне жетпеген тұста, техникалық ақау салдарынан троллейбустан түтін шығу жағдайы орын алды.

«21 маусым күні сағат 13:35-те Абай көшесінің Саин көшесіне жетпеген тұсында, 25 маршрутты троллейбус жұмысында ақау болды. Нәтижесінде түтін шықты. Троллейбус зақымдалмады және зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады «Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметі.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай