Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда триатлоннан ҚР чемпионатының өтуіне орай бірнеше көше жабылады

2021 жылдың 11 маусым 2021 12:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда триатлоннан ҚР чемпионатының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігі мен Алматы триатлон федерациясы 12-13 күндері триатлоннан ел чемпионатының өтуіне байланысты Сайран көлі маңындағы бірнеше көше уақытша жабылатынын мәлім етті.

12 маусым күні сағат 7.00-ден 16.00 аралығында Төле би көшесінің Өтеген батыр мен Тілендиев көшесі (оңтүстігі) аралығындағы қозғалыс автокөлік үшін шектеледі. Көліктер жолдың тек солтүстік жағымен жүре алады.

Ал, Өтеген батыр көшесінің Төлебиден Қуанышбаев көшесіне дейінгі аралығы түгелдей жабылады.

13 маусым күні сағат 8.00-ден 12.00 аралығында Төле би көшесінің Өтеген батыр мен Тілендиев көшесі (оңтүстігі) аралығында қозғалыс автокөлік үшін шектеледі. Көліктер тек солтүстік жағымен жүре алады.

Өтеген батыр көшесінің бойы Төле биден Қуанышбаев көшесіне дейінгі аралықта екі жолақта түгелдей жабылады.

«Триатлоннан ҚР чемпионаты Алматыда жыл сайын өтеді. Оған біздің азаматтар ғана емес, шетелдіктер және Орталық Азия спортшылары қатысады. Мұндай ауқымды шара кезінде көшені жабу әлемдік тәжірибеде бар. Біз көлік қозғалысын қиындатпау үшін жарыс алаңын кішірейтіп, көшені жабу уақытын азайтуға тырыстық. Бұған тұрғындар түсіністікпен қарайды деген ойдамыз», -делінген ұйымдастырушылар таратқан мәліметте.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Көлік, Жол, Спорт, Алматы,
Жоғары қарай