Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда томотерапия орталығы ашылды

2021 жылдың 1 қазан 2021 21:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Салтанатты іс-шараларға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісінің, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ («Алматы» ӘКК), Алматы индустриалды аймағының өкілдері, шетелдік инвестолар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онкология және радиология институтының ғимаратында ашылған Томотерапия орталығында жылына 12 мың сәулелі терапия сеансын өткізу мүмкіндігі бар.

Оның инвесторы «Orhun Medical» ЖШС (Түркия) атынан орталық құрылысына 2,7 млрд теңге салып отырады.

Жобаның операторы - «Alma Medical Group». Инвестициялық жоба 70 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Әрі қарай делегация «Алматы» ӘКК компаниясының тобына кіретін индустриалды аймағының аумағында екі жаңа зауыт құрылысының құрметіне капсула салу іс-шарасына қатысты.

«CELKONSAN Stroy» ЖШС (Түркия) металл қоршауларының өндірісі бойынша зауыты 2023 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жобаның құны - 1,5 млрд теңге. Ол пайдалануға берілген соң 25 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынның қуаты - жылына 12 мың тонна жол қоршауы мен 15 мың тонна ыстықтай мырышталған бұйым.




«Panelsan» сэндвич-панельдерін өндіретін зауыт («Алматы Сэндвич-Панель» ЖШС) жылына 1 млн шаршы метрге дейін өнім шығаруға ниеттеніп отыр.

Жобаның құны – 3,7 млрд теңге. Шамамен 100 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

«Соңғы бірнеше күн ішінде біз Қазақстанда 7 жаңа түрік жобасын, оның ішінде, бүгін Алматыда екі зауытты іске қосамыз. Біздің еліміз Түркиямен тығыз байланыс жасап отыр, ол - Қазақстанның ірі инвесторларының бірі. Бүгінде біздің республикада түрік капиталы бар шамамен 3,5 мың компания белсенді жұмыс істеуде. Түркиядан Қазақстанға келіп түсетін тікелей инвестиция көлемі бүгінде 350 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл деңгей пандемияға қарамай, өткен жылы да тұрақты болды. Түрік инвесторларының арасында шағын және орта компаниялар көп. Аталған екі зауыт құрылысының маңызы біздің құрылыс саламыздың өсуімен түсіндіріледі. Мысалы, өткен жылы Қазақстан шамамен 15 млн. шаршы метр жаңа алаңды енгізді, ал осы жылы 17 млн шаршы метр енгізуді жоспарлап отыр. Бұл ретте, өзіміз өндіретін құрылыс материалдары бізде жеткіліксіз. Мысалы, Қазақстанда, әзірге жаңа технология бойынша шығарылатын сэндвич-панельдер өндірілмейді. Аталған зауыттардың құрылысы құрылыс материалдарының құнын төмендетуге мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда Түркия инвесторларының қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба табысты іске асты.

Бұл ретте жоғарыда аталған инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде түрік әріптестерге жан-жақты көмекті Алматы қаласы әкімдігінің, «Алматы» ӘКК және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және Алматы индустриалды аймағының атынан жергілікті атқарушы органдар көрсетті.









Жоғары қарай