Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда төлем терминалдарын тонаған қылмыстық топ ұсталды

2020 жылдың 3 тамыз 2020 18:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда төлем терминалдарын тонаған қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясы мегаполистегі аудандарының бірінде арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде ірі дүкендердің кіреберісінде орнатылған төлем терминалдарын бұзып, сол жерден ақша ұрлаған екі ер адам ұсталды.

«Қылмыскелердің ізіне түсу үшін алдымен кешенді іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Күдіктілер - 31 жастағы Н. және 32 жастағы Ш. есімді азаматтар. Екеуі де бұрын мүліктік қылмысы үшін сотталған. Тергеу барысында олардың терминалдарды бұзу және сол жерден ақша ұрлаудың тоғыз эпизодына қатысы бар екендігі дәлелденді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Спикердің айтуынша, күдіктілер адамдар көптеп баратын дүкендер мен сауда үйлерге орнатылған терминалдарды тонаған. Сатушылар клиенттерге қызмет көрсетумен айналысып жатқанда, ұрылар бірнеше минут ішінде төлем терминалдарындағы ақшаны үптеп кететін болған.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Алматы,
Жоғары қарай