Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда терминал бұзған ер адам видеоға түсіп қалды

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 09:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда терминал бұзушының әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҰазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, ер адам сауда үйлерінің бірінің кіреберісінде орнатылған букмекерлік кеңселердің бірінің терминалын бұзып шамамен 100 мың теңге алған.

Күдікті өтіп бара жатқан адамдардан ұялмастан терминалдағы құлыпты ашып, ақша сақтау құрылғысына қол жеткізе отырып, қажетті соманы өзінің жеке кабинетіндегі шотына аударған.

Оның қылмыстық әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«Бұл бір жағынан күдіктінің кім екенін анықтауға және оның қылмысқа қатысын дәлелдеуге мүмкіндік берді. 34 жастағы С. есімді азамат ұсталды және қамауда отыр. Ер адам қылмысын бірден мойындады. Айғақты заттар тәркіленді»,- деді Бостандық аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Батур Абдумасаров.

Қылмыстық іс ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген бап бойынша тергеліп жатыр.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Заң,
Жоғары қарай