Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда теннис орталығы, шаңғы трамплині мен спорт кешендері салынды

2021 жылдың 6 желтоқсан 2021 14:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пандемияға қарамастан Алматының Бостандық ауданында жаңа спорт ғимараттары салынып жатыр. Бұл туралы брифинг барысында аудан әкімі Алтай Рахымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұқаралық спортты дамытудамыз. Спорттық инфрақұрылымды бюджет есебінен де, инвесторлар есебінен де нығайтып жатырмыз. Биыл жыл бойы жұмыс істейтін «Жандосым» теннис орталығының құрылысы аяқталды. Тәуліктік өткізу қабілеті - 200 адам», - деді Алтай Рахымбетов.

Аудан әкімі «Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің екінші кезегінің құрылысы аяқталғанын атап өтті.

Онда 580 орынды мінбері бар әмбебап зал, жабық жүзу бассейні мен қонақ үй кешені орналасатын болады. Тәуліктік өткізу қабілеті - 940 адам.

Сhampion жеке қорының қолдауымен заманауи MyWin спорт кешенінің құрылысы басталды, онда әмбебап зал мен бассейн орналасады.

Аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланған.

Спикер алматылықтардың спорт сүйер қауым екенін, бұл сүйіспеншілік мектеп қабырғасынан пайда болатынын тілге тиек етті.

«Мысалы, ауданның мектептерінде, ЖОО мен колледждерінде 400-ге жуық тегін секция жұмыс істейді, онда 20 мыңнан астам оқушы мен студент жаттығады. Сонымен қатар, 15 спорт алаңында футбол, баскетбол, воркаут және теннис бойынша тегін жаттығулар өткізіледі.


Жоғары қарай