Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Алматыда тағы да өрт: Шымбұлақ, Медеу жолында дала өртеніп жатыр

2019 жылдың 13 тамыз 2019 11:21 111

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Медеу ауданында тағы да дала өртеніп жатыр. Бұл жолы жалын Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолды шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Горельник лагерінің жанындағы құрғақ ши өртеніп жатыр. Оқиға орнына арнайы техника өрт сөндіру жасағы, құтқарушылар аттанды», - делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада.

Айта кету керек, 11 тамызда Көктөбе бөктерінде құрғақ ши өртенген болатын. Оны сөндіруге бірнеше тікұшақ жұмылдырылды.

Оқиға болған жерге көп ұзатпай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев келді.

Кейін арада бірнеше минут өткен соң сол аймаққа жақын жерде тағы бір өрт тұтанды. Бұл жолы тілсіз жау Диваев көшесіне жақын болды.

Қызыл жалын 1000 шаршы метр аумақты жалмаған. Сол жерден өрт сөндірушілер бір адамның денесін тауып алды.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай