Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда сыртқы жарықтандыру желілері қалпына келтіріліп жатыр

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 12:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тәртіпсіздік салдарынан қала әкімдігі ауданында зақымдалған сыртқы жарықтандыру желілері қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Назарбаев даңғылы мен Республика алаңындағы сыртқы жарықтандыру желілері қатты зақымданды.

Бүгінгі күні алаңдағы көше шамдарының жұмысы толық көлемде қалпына келтірілді.

«Қазіргі уақытта жауапты қызметтер сыртқы жарықтандыру желілерінің барлық қалалық тіректерін сыртқы жарықтандыру желілерінің бүлінуін тексеріп жатыр»,- деп хабарлады Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб.

Жалпы, 11 қаңтардағы жағдай бойынша қала көшелерін жарықтандыру жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.


Жоғары қарай